Жаңалықтар
28 тамыз 2026 133
Мәулітке арналған «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара өтті

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен тарихи қалалық орталық мешітте қала мешіттері жамағаттарының ауызбіршілігін нығайту мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани шара өтті.

Әйел-қыздар секторы
26 тамыз 2026 130
Ақтөбеде қазақи бағыттағы жаңа кітапхана жасақталып жатыр

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен, дін жанашырлары және демеушілердің қолдауымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде заманауи әрі қазақи нақыштағы жаңа кітапхана жасақталуда.

Жаңалықтар
26 тамыз 2026 316
XV республикалық Құран жарысына қатысатын ақтөбелік қарилар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2026 жылдың 5-6 қыркүйек күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХV республикалық байқау» өтеді. Оған Ақтөбе облысынан 30 парадан толық Құраннан Бекзат қари Тасболатов, 20 парадан Мырзабек қари Хамитов, 10 парадан Серик Хасан, Мәнерлеп оқудан Умар қари Набижанов қатысады. Жеңіс тұғырын тілейміз! Алла жар болсын!

Жаңалықтар
26 тамыз 2026 141
Ақтөбе: «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» атты семинар өтті

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Досжан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдарына арналған «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтіп, Ақтөбе облыстық Нұр-Ғасыр мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов спикер болды.

Жаңалықтар
26 тамыз 2026 112
Ақтөбелік имам «Үздік имам» ІI республикалық интеллектуалды білім сайысында төртінші кезеңге өтті

Бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» ІI республикалық интеллектуалды білім сайысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы, Ерәлі қари Құлмағанбет төртінші кезеңге өтті.

Жаңалықтар
26 тамыз 2026 173
Ақтөбеде «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Досжан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдарына арналған «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтіп, облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов спикер болды.

Әйел-қыздар секторы
19 тамыз 2026 198
«Әйел бақыты: отбасы құндылықтары және неке беріктігінің сыры» тақырыбында семинар өтті

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің «Әйнек» намазханасында қыз-келіншектерге арналған «Әйел бақыты: отбасы құндылықтары және неке беріктігінің сыры» атты рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Әйел-қыздар секторы
19 тамыз 2026 208
Әйел жамағаты «Дархан дала» жобасы аясында Ойыл ауданына танымдық сапар жасады

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі Кенжегүл Кушкарованың ұйымдастыруымен өңірдегі әйелдер жамағаты Ойыл ауданына арнайы зияратпен барып қайтты. Рухани сапарға «Шырайлым» қыз-келіншектер клубы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.