Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Хромтау ауданындағы «Нұр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Хромтау ауданындағы «Нұр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Шалқар ауданы Бегімбет ауылындағы «Бегімбет» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай жұма намазы уақытында «Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі жайлы не білеміз?» тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтті.
Адамзаттың асыл тәжі болған, ақырғы елші Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген мүбәрак мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен күнделікті күйбең тірлікте Алла Елшісінің (с.а.ғ) үлгі-өнегесі қаншалықты назарға алудамыз? Мирас еткен кемеңгер сүннетіне бекем болудамыз ба?деген сауалдардар арқылы қалың оқырманға ой тастау мақсатында «Біз қандай үмметпіз?!» атты шығарма байқауы өтті.
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының бастамасымен алғаш рет облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатпен кері байланыс мақсатында «Сұрақ-жауап алаңы» өтті.
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастырумен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Мәртебелі Мәуліт айы» тақырыбында Мәуліт мерекесі ұлықталды.
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Оңтүстік Батыс ықшам ауданында бой көтеріп жатқан композициялы 250 баланы қамтитын «5 парыз» ислам орталығының (жаңа оқу корпусының) құрылысымен танысты.
Бүгін Ақтөбе қалалық «Бақытжан» мешітінің имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ержан Мизамов «Aqtobe» телеарнасындағы тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында қонақ болды.
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне әйел жамағаты 16 литрлік электр самаурын сыйлады.
Қобда аудандық Шәріп молда мешітінде ақсақалдар арасында «Батагөй ақсақалдар» атты бата жарысы өтті.
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешіті Мәуліт мерекесіне орай «Мәңгі өнеге әз Мұхаммед» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Ойыл ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында «АНСАР» кеңес беру-оңалту орталығының мұрындық болуымен, Ойыл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қала және аудан командаларының арасында футболдан Ойыл мешітінің қайырымдылық турнирі өтті.
Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәлам» Діни сауат ашу және қарилар даярлау орталығындағы шәкірттер І тоқсан оқуларын қортындылады.
Мүфтият тынысында Ақтөбе өкілдігінде өткен Мәуліт кеші |25-31 қазан
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай құптан намазы уақытында «Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі жайлы не білеміз?» тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтті.
Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Ханафи мәзһабы негізінде жазылған «Қырық парыздың баяны» кітабының тұсауын кесіп, әрбір мұсылманның ұстануына міндетті 40 парызы туралы қарапайым жатық тілде жазылғанын айта келіп, қоғамдағы жаңа еңбектің маңыздылығына тоқталды.