Қарттар үйіне айттық сыйлықтар табысталды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ораза айт мерекесіне орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге азық-түлік салынған 7 қоржын және айттық сыйлықтар тарту етілді.



































