XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ
Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде XIV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде XIV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқау өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде өткен рухани шарада Жетісу жерінен шыққан бабалар рухына арнап, 100 Құран хатым дұғасын жасады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласында қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқау» өтеді.
Сәті түскен сұхбат хабары /// AQTOBE TV
ҚМДБ жанынан ашылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты бастамасымен республика көлемінде облыс, аудан, ауылдық жерлердегі мұсылмандар жерленген зираттардың басы, ауласы тазаланып, сенбілік өтті.
Ақтөбе қаласында «Ихсан», «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы және Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы — ұлт руханиятының темір қазығы» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» атты тағылымды семинар өтті.
Түркістан қаласында «Дінім – діңгегім, дәстүрім – қазынам» рухани мәуліт кеші өтті. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының тұрғындары қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Түркістан қаласында өткен халықаралық конференция аясында ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының «Рухани мұра» жобасы бойынша «Мүфтият» баспасынан жарық көрген Қожа Ахмет Ясауидің «Құдіретнама» және Мұхаммед Шәріп Ахун Молда Ғұмарұлының «Раддия» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи тағылымы – түркі дүниесінің рухани мұрасы»тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-танымдық конференцияда баяндама жасады.
Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша халықаралық Қарттар күніне орай Ақтөбе өкілдігінде имамдар мен ұстаздар қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады.