Шалқарда «Аталар» мектебінің басқосу жиыны өтті 6614

Шалқарда «Аталар» мектебінің басқосу жиыны өтті

10 тамыз 2026 42 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Шалқар қайырымдылық мекемесінде «Аталар» мектебінің басқосу жиыны өтті. 

Шара барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі және ұлттық дәстүрдің маңыздылығына тоқталып, «Аталар» мектебінің қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, жастарға бағыт-бағдар берудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен рухани тәрбиенің маңызына назар аударды.

Одан өзге 85 жасқа жеткен мешіт жанашыры, алқа мүшесі Мұхаммедбақи Муслим ақсақалға шапан жауып, құрмет көрсетілді. Өз кезегінде ақсақалдар мешіт имамдарына алғыстарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі