Жаңалықтар
16 мамыр 2025 439
Ақтөбе: Ұстаздың еміне 3 000 000 теңге көмек берді

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұмаға жиналған жамағат алдында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясы бойынша «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрмеовтың еміне 3 000 000 теңге көмек берілді.

Жаңалықтар
15 мамыр 2025 15
«Халал Даму» мекемесі меморандумға қол қойды

«KazanForum 2025» халықаралық форумы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы мен Татарстан мұсылмандарының діни басқармасына қарасты «Халал стандарттау комитеті» арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Құжатқа «Халал Даму» директоры Айбек Аташев пен «Халал стандарттау комитетінің» төрағасы Аббяс Шляпошников қол қойды.

Жаңалықтар
14 мамыр 2025 36
ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы 2025 жылғы 13-18 мамыр аралығында Қазан қаласында өткен «Ресей – Ислам әлемі» халықаралық экономикалық форумына арнайы шақыртумен барды.

Жаңалықтар
14 мамыр 2025 11
ҚМДБ ӨКІЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

XVI халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2025» аясындағы «2030: Халал индустриясының стратегиясы» сессиясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы халал саласындағы өзекті мәселелер мен болашақ даму б

Жаңалықтар
14 мамыр 2025 394
«Нұр Ғасыр»: Бітіруші түлектермен кездесу өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Діни білім және кадр дайындау бөліміне жауапты маманы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза «Ақтөбе» медресе-колледжінің бітіруші түлектерін жұмысқа шақырды.

Жаңалықтар
14 мамыр 2025 412
Ақтөбе: 20 жетім балаға қуаныш сыйлады

ҚМДБ бекіткен “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен ата-анасынан айырылған 20 балаға қамқор болып отырған Жетесовтар отбасына тарту жасалды. Атап айтқанда, 2 қабатты 4 адамға арналған керует сыйға беріліп, 20 балаға тәтті таратылды.

Әйел-қыздар секторы
14 мамыр 2025 309
РАТТ мүшесі радиода қонақ болды

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының «РАТТ» мүшесі, діни сарапшы,«Бақытжан» мешітінің ұстазы, республикалық «Munara» телеарнасының тілшісі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Ақтолқын Орысбайқызы «Тандем» радиосында қонақ болды.

Жаңалықтар
14 мамыр 2025 285
Шалқар: Жас жұбайларға отбасы жауапкершілігі насихатталды

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде өткен неке қию салтанатында жас жұбайларға рухани тәрбие мен отбасы жауапкершілігі жайында тағылымды насихат айтты.

Жаңалықтар
13 мамыр 2025 16
ФОРУМ АЯСЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласында өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» атты VI Республикалық имамдар форумына қатысқан дін қызметкерлері үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы семинар ұйымдастырды.

Жаңалықтар
13 мамыр 2025 13
ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы аясында бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.