Хромтау: Балық аулаудан спорттық сайыс өтті
ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Абай ауыл көлінің бойында балық аулаудан аудандық спорттық сайыс өтті.
ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Абай ауыл көлінің бойында балық аулаудан аудандық спорттық сайыс өтті.
Шалқар ауданындағы «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде «Ақидадағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өтті.
Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Ақтөбе қаласына келген сапары барысында «Munara» телеарнасының Ақтөбедегі студиясында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.
ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ | #40 СИҚЫР НЕМЕСЕ ДУА ДЕГЕН НЕ ?
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне сырқатына байланысты өтініш бідірген кісінің еміне қасиетті жұма күні 1 400 000 теңге қаражатты табыстады.
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қасиетті үш айдың бірі – Шағбан айының алғашқы күнінде, қасиетті жұма күні, жұма намазған жиналған жамағат алдында облыстың Бас имамы Амантай Садиев 14 дін қызметкерін қара шаңырақ ҚМДБ-дың 35 жылдығына бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан берілген алғыс хатпен марапаттап, қызметтеріне береке тіледі.
Бүгін Шағбан айының алғашқы күні мен күндердің сұлтаны қасиетті жұма құрметіне орай бүгін Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МЕШІТТЕ НАМАЗ ОҚУЫ ДҰРЫС ПА?
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде пәтуа сағаты өтті.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман Талғат Аманов «Aqtobe» телеарнасындағы «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында қонақ болды.
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, ғұлама-ойшыл Абай Құнанбайұлының 180, Алаш қозғалысының 120 жылдығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай республикалық «Иман» журналы мен «Мұнара» газеті оқырмандар арасында «Абай. Алаш. Асыл дін» тақырыбында шығармашылық байқау жариялайды.
Әлеуметтік желіде күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты бейне материал таралуда. Ең өкініштісі, бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары үшін челлендж секілді ұсынылып отыр. Сондай-ақ отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды.
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» алты томдық кітабының таныстырылымына қатысты.
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастырумен оқушылар арасында конькиден жылдамдыққа жүгіруден жарыс өтті.
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында үстел теннисінен жарыс өтті.