Жаңалықтар
16 қыркүйек 2021 347
Уақыттың қадірі

Уақыт – Алла Тағаладан адамзатқа берілген бағалы ризық. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі уақыт – бізге берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан, уақытты босқа өткізу адам өміріне жасалған үлкен қиянат.

Жаңалықтар
15 қыркүйек 2021 196
«Иман нұры» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті

Бүгін «Aqtobe» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Мұхаммедисмаил Шадман мен Нұрбол Смағұлов, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, "Нұр Ғасыр" мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов, одан өзге Әл-Азһар университетінің түлегі, Ақтөбе облыстық орталық мешінің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова қонақ болып, дін тақырыбында сүбелі сұхбат берді.

Жаңалықтар
15 қыркүйек 2021 149
Қант алмастырғыштар пайдалы ма?

Қант алмастырғыштар немесе тәттілендіргіштер – тамақ өнімдеріне тәтті дәм беретін және қанттың орнына қолданылатын заттар мен химиялық қосылыстар. Қантпен салыстырғанда, тәттілендіргіштер аз калориялы болады. Қанттың адам ағзасына өте зиян екендігі белгілі. Сондықтан адамзат баласы тағамға тәттілендіргіштерді қолдана бастады.

Жаңалықтар
14 қыркүйек 2021 174
Футболдан қайырымдылық турнир өтті

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылында ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігіндегі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, салауатты өмір салтын ұстану және мешіт жамағаты арасындағы бауырмалдықты арттыру мақсатында футболдан мешіт жамағаты арасында қайырымдылық турнир өтті.

Жаңалықтар
14 қыркүйек 2021 190
Шалқар: «Білімнің артықшылығы» тақырыбында шара өтті

Шалқар ауданындағы «Жанаманахун» мешітінің жанында медреседе шәкірттеріне Бегімбет ауылы "Бегімбет" мешітінің имамы Әуезов Нұрдәулеттің ұйымдастыруымен білімнің артықшылығы тақырыбында іс-шара өтті.

Жаңалықтар
13 қыркүйек 2021 2707
Кешірімді кісіге Жаратқанның сыйы бар

Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Кешірімді болу адамдар арасын жарастырады, біріктіреді. Мына әлемнің пәни екендігін сезіндіреді. Кешірім жасау арқылы біз бітпес даудың түйінін шешіп, ата жауды адал досқа айналдырамыз. Мысалы, өзгелерге кешірімді болу, кешіріммен қарау мейірімділікке жол ашады. Ал кешірім сұрамау мен кешірмеу – адам өмірін түпсіз тұңғиыққа тірейтін жағымсыз қасиет. Сондықтан арадағы өкпе назды ұмыттыратын ең жақсы қасиет – кешірімділік.