«Қажылық» бөлімінің жауапты маманы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
«Қажылық» бөлімінің жауапты маманы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
«Қажылық» бөлімінің жауапты маманы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза Айт мейрамына орай айт намазына 23 500 адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында 14 жылдан астам облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз, 7 жылға жуық облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі қызметін атқарып келе жатырған Кенжегүл Кушкароваға мешіт жанындағы шәкірттерден құрылған «Шырайлым» әйел-қыздар клубы мен «Әжелер» мектебі Умраға жолдама табыстады
ҚМДБ төрағасы Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Қажылық-2026» маусымына дайындық аясында РАНТ мүшелері мен уағызшы-имамдарға арналған арнайы оқыту семинары өтіп, оған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев қатысты.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағатқа рухани бағыт-бағдар беру бағытындағы шаралар аясында қажылықтың маңызы мен мұсылман өміріндегі орны туралы тағылымды насихат жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясы арқылы бес дін қызметкері мен шаруашылық қызметкеріне үлкен қажылық сапарына жолдама табысталды.
Қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласындағы Қурайлы елдімекенінде орналасқан «Қурайлы» мешітінде бас имам Руслан Елемесов жамағат атынан Мақсат Қуатбаевқа Умраға жолдама табыстады.
Бүгін «Шабыт» орталығында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен алқалы жиын өтіп, оған Ақтөбе облыстың дін істері басқармасының басшысы Қаныбек Жақсығалиев, БАҚ өкілдері, қала, аудан имамдары мен ұстаздары және бөлім жетекшілері қатысты.
Ақтөбе қаласы мешіттерінің имамдары қаланың Бас имамы Алмат Әлиге ҚМДБ-ның 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 4 бағыт, 27 бөлім бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайлы есеп тапсырды.
Джидда қаласында өткен «The 5th Edition of the Hajj Exhibition» халықаралық көрмесіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы қатысты. Биылғы көрме «Меккеден Әлемге» тақырыбымен ұйымдастырылып, қажылық саласындағы соңғы жетістіктер мен заманауи технологиялар таныстырылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми іссапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми іссапары барысында Жидда қаласында Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын бастады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай бастаған миссия мүшелері Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми іссапармен барды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымында азаматтарымызды қажылық сапарына тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялаған болатын.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымында қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қажылық орындарын бөлу үшін туроператорлар арасында ашық конкурс жариялады.