Умра сапары: Жамағат таңдауы –Tawaf travel 6015

Умра сапары: Жамағат таңдауы –Tawaf travel

02 наурыз 2026 23 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағатқа рухани бағыт-бағдар беру бағытындағы шаралар аясында қажылықтың маңызы мен мұсылман өміріндегі орны туралы тағылымды насихат жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Tawaf travel» қажылық компаниясы туралы да ауқымды ақпарат беріліп келеді. Нәтижесінде аудандық «Нұр» мешітінің жамағаты әрі ондық алқа мүшесі Сәкен Бажақанов ұмра сапарына TAWAF TRAVEL қажылық компаниясын таңдаған. Оның айтуынша, компанияны таңдауға бас имам тарапынан берілген жан-жақты ақпарат пен компанияның сенімділігі себеп болған. Қажылық сапарын ұйымдастырудағы жауапкершілік, құжат рәсімдеу мен қызмет көрсету сапасы жамағат үшін аса маңызды екені белгілі.

Жолдама табыстау рәсімінде ауданның бас имамы Марал Иманғали Сәкен Қайырбайұлына жамағат атынан ақ жол тілеп, сапарының сәтті өтуіне, жасаған құлшылығының қабыл болуына тілектестігін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі