«Ислам және адал қоғам» жылы: Облыстың Бас имамы өңір имамдарына 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті 5859

«Ислам және адал қоғам» жылы: Облыстың Бас имамы өңір имамдарына 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті

28 қаңтар 2026 163 Оқу 1 минут

Бүгін «Шабыт» орталығында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен алқалы жиын өтіп, оған Ақтөбе облыстың дін істері басқармасының басшысы Қаныбек Жақсығалиев, БАҚ өкілдері, қала, аудан имамдары мен ұстаздары және бөлім жетекшілері қатысты.

Жиналыс барысында облыстың Бас имамы өңір имамдарына 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар жан-жақты талқыланып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бағдарлық баяндамасы мен алдағы жылға арналған жұмыс жоспары имамдарға жіті таныстырылды.

Амантай Әбділдаұлы діни қызметтегі жауапкершіліктің бұрынғыдан да арта түсетінін атап өтіп, адалдық ұғымының мәні мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Биылғы жұмыстың төрт бағыты «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша жүйелі әрі қажырлы жұмыстар жасауға шақырды.

Одан өзге әр бөлім жетекшілері баяндама жасады. Амантай Садиев былтырғы жетістіктерді айтып, биылға бөлімдегі өзгерістерге де тоқталып, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Нұрлыбек Такеев, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысы бойынша директоры Ақыл Әбдікәрімов екенін мәлімдеп, жаңа қызметтеріне береке тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі