«Қажылық» бөлімінің жауапты маманы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
«Әзіреті Біләл» мешітінің бас имамы, Ақтөбе облысы бойынша «Қажылық» бөлімінің жауапты маманы Нұрлыбек Такеев республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.
Имам журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында «Қажылық және оның мәні» тақырыбында сұхбат берді.
Ақтөбе облысы бойынша «Қажылық» бөлімінің жауапты маманы Умра мен үлкен қажылықтың айырмашылығы, сенімді тур опеараторлармен бару, хаж кезінде жіберілетін қателіктер, қажылыққа дайындық туралы жіті талдап өтті.
Бағдарламаны әр жұма күні сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































