Ақтөбеде Ораза айт ұлттық нақышта тойланды (Фото) 6122

Ақтөбеде Ораза айт ұлттық нақышта тойланды (Фото)

22 наурыз 2026 29 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза Айт мейрамына орай айт намазына 23 500 адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев қала тұрғындары мен жамағатты Ораза айтпен құттықтады. Сонымен қатар облыстың Бас имамы айттың маңыздылығына тоқталды.

Облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде ұлттық нақыштағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Қасиетті күннің маңыздылығы туралы уағыз-насихаттар айтылды. Ақсақалдарға, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді. Он түрлі ұлттық ойындардан атап айтсақ, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, аударыспақ, өгіз тартыс, қой көтеру, арқан тартыс, жебе тарту, асық ату, ләңгі тебуден сайыстар өтіп, үздіктер марапатталды. Іс-шара барысында бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, салт-дәстүріміз насихатталды.

Дәстүрімізді жаңғыртқан ұлттық шарада қазақы нақыштағы жәдігерлер таныстырылды. Одан өзге айттық дастарханы жайылып, ұлттық дәм арнайы көше пісіріліп, балаларға арнайы айттық үлестіріліп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ораза айт мерекесін ұлықтау мақсатында мешіт имамдары мен ерікті жамағат мүшелері тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салды. Бұл бастама Ораза айт мерекесінде халыққа қолдау көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлық құндылықтарын арттыру мақсатында жүзеге асты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі