Облыстың Бас имамы уағызшы-имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинарға қатысты 6033

Облыстың Бас имамы уағызшы-имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинарға қатысты

06 наурыз 2026 36 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Қажылық-2026» маусымына дайындық аясында РАНТ мүшелері мен уағызшы-имамдарға арналған арнайы оқыту семинары өтіп, оған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев қатысты. 

Ұлы сапарға аттанатын отандастарымызға рухани жетекшілік ететін дін мамандарының біліктілігін шыңдауды көздеген алқалы жиынды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы ашты.

Наиб мүфти жиын қатысушыларына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, биылғы қажылық маусымының жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде уағызшыларға қойылатын негізгі талаптар мен ережелерді түсіндіріп, қажылық сапары барысындағы діни насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша нақты нұсқаулар берді.

Семинардың оқу бағдарламасы аясында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы қажылық құлшылығының қыр-сыры мен әдептеріне қатысты мазмұнды лекция оқыды. Пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы атқарылатын рәсімдердің фиқһи негіздері бойынша дәріс беріп, уағызшылар тарапынан қойылған күрделі шариғи сұрақтарды талқылап, нақты жауаптар берді. Сонымен қатар ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, белгілі түркітанушы Төрәлі Қыдыр дәріс оқыды.

Жиын барысында уағызшы-имамдардың қасиетті мекендегі қызметі, қажыларға шариғи үкімдерді түсіндірудегі бірізділік пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Оқу соңында мамандар алдағы маусымды жоғары деңгейде өткізуге толық дайын екендіктерін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі