ҚМДБ ЖАНЫНАН «ҚАРИЛАР АЛҚАСЫ» ҚҰРЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Қарилар алқасы» құрылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Қарилар алқасы» құрылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына жоспарына сай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде 27 мешітте күніне 3 рет онлайн және офлайн формата жалпы 10 күнде мешіттерде 810 рет Құран Хатым өтіп жатыр. Одан бөлек «Ақтөбе» медресе-колледжінің ерлер және қыздар бөлімінде де күн сайын яғни 10 күнде 20 рет Құран Хатым өтіп келеді.
«Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде күнделікті 3 рет Құран Хатым өтіп жатыр.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай, Діни оқу ағарту бағыты бойынша «Ақтөбе» медресе-колледжінде «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов пен аталған мешіттің ұстазы Талғат 4-ші курс шәкірттерінен фиқһ және Құран дәрістері бойынша дайындық емтиханын алды.
Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқауы мәресіне жетіп, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен қатысқан Махамбет Тасболатов қари «20 пара» бойынша ІV орынды иеленіп, 800 000 теңге қаржы сертификаты табысталды.
Бүгін Павлодар қаласында ХІIІ республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауы басталып, оған Ақтөбе облысынан қарилар қатысуда.
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде құптан намазынан кейін облыстық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Әлденов екінші рет күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе қаласының имамдары мен ұстаздарының біліктілігін арттыруға арналған 4 күндік семинар өтті.
Бүгін РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита – 3» мешітінің Бас имамы Дастан қари Құрманбаев Ақтөбе қаласындағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесініне (қарилар орталығы) барып, шәкірттермен кездесті.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХII республикалық Құран жарысының Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Бүгін ұлық мерекені ұлықтау мақсатында Құрбан айттың екінші күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Ақтөбе облысының әйел жамағатына арналған Құран жарысы өтті.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазан басталған күннен облыстық мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қаласындағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығының) директоры, Бекжан қари Әлденов тарауих намазын жүргізіп келеді. Қасиетті Қадір түні қарсаңында Бекжан қари толық Құран Кәрімді хатым етті.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде тарихи оқиға орын алып, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденовтың шәкіртіне ижаза беру рәсімі салтанатты түрде өтті.
Бүгін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.
Бүгін ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Х республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.