27 мешітте күніне 3 рет онлайн және онлайн формата Құран Хатым өтіп жатыр
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына жоспарына сай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде 27 мешітте күніне 3 рет онлайн және офлайн формата жалпы 10 күнде мешіттерде 810 рет Құран Хатым өтіп жатыр. Одан бөлек «Ақтөбе» медресе-колледжінің ерлер және қыздар бөлімінде де күн сайын яғни 10 күнде 20 рет Құран Хатым өтіп келеді.
Рамазан – Құран айы. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) десе, «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт-ул-әсрар)-делінген. Бұл әрине, түсіне білген әр мұсылман үшін баға жетпес бақыттың бірі.
Айта кетсек, Құран Хатым Рамазан айының соңына дейін жалғасады. 27 мешіттің ішінде Шалқар және Мәртөк ауданында Діни басқарманың шақыртуымен арнайы Түркиядан келген 2 қари күнделікті Құран Хатымды өтіп жатыр.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі