XIV республикалық Құран жарысында ақтөбелік қари жеңімпаз атанды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласында қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқау» өтті.
Жарысқа Ақтөбе облысынан мәнерлеп оқудан Дәуренбекұлы Бекжан, 10 парадан Қуандық Нұрасыл, 20 парадан Хамитов Мырзабек, 30 парадан Құлмағанбетұлы Ерәлі қатысты.
Аталған байқауда әділқазылар құрамында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов төрелік етті.
Жарыс қортындысы бойынша 20 парадан қатысқан Хамитов Мырзабек қари 4 орынды иеленіп, 800 000 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.
Сонымен қатар әділқазы Бекжан қари Әлденов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің алғыс хатымен марапатталды.
«Қара шаңырақ ҚМДБ ұйымдастыратын республикалық Құран жарысының жылда деңгейі өте керемет өтуі үлкен қуаныш. Қатысушылардың да жылдан жылға дайындықтары жоғары деңгейде екендігі қуантады. Биыл Алланың қалауымен ақтөбелік Хамитов Мырзабек қари 20 парадан 4 орын алды.
Республикалық Құран жарысына жылда ақтөбеден қатысатын қариларға жауапты болып баратын едім, биыл төреші болдым, керемет өтті. Бас мүфти екі күн бойы төреші болып қызмет еткенімізге еңбегімізді бағалап алғыс хатпен марапаттады.
Сүйінші жаңалық! Бас мүфти алдағы жылы Республикалық Құран жарысы Ақтөбе қаласында өтетінін айтты. Барша қариларды құтты мекен Ақтөбеде күтеміз» деді Бекжан қари Әлденов.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































