27 Мұхаррам
Ақтөбеде Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша облыстық сайыс өтті 4594

Ақтөбеде Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша облыстық сайыс өтті

16 маусым 2025 129 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен “Ихсан” орталығының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша облыстық сайыс өтті.

Оған өңірдегі қала, аудан мешіттерінен 40 шәкірт қатысып, бақтарын сынады. Ал облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Айсұлтан Сапар әділқазв ретінде төрелік етті.

«Құран жаттау, оны үздіксіз оқып жүру үлкен сауап. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ендеше, Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» – деген. Демек, осында жарысқа келіп, Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап және Алланың рақымын жақындатады», – деп Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндіріп, Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жеңімпаздарға арнайы сертификат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

30-шы пара бойынша жүлделі І орынды Шалқар ауданы, «Матай Қоқанұлы» мешітінен Қондыбай Абдулғафур (200 000 теңге), ІІ орынды Хромтау ауданы, «Нұр» мешітінен Айсайев Әділжан (150 000), ІІІ орынды Ақтөбе қаласы, қалалық орталық мешітінен Жақсыбай Нұржан (100 000 теңге) иеленді.

Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетсек, жарысқа қатысқан ең жасы 9 жаста болды. Ол жүзден жүйрік болып, көрермен көзайымына айналған І орын иегері Абдулғафур Қондыбай.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі