Ақтөбе облысында XIV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.
Қарилар төрт аталым бойынша бақ сынады. Жалпы жарысқа 20-нан аса үміткер қатысты.
«Құран жаттау, оны үздіксіз оқып жүру үлкен сауап. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ендеше, Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» – деген. Демек, осында жарысқа келіп, Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап және Алланың рақымын жақындатады», – деп Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндіріп, Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар аталған байқауға демеушілік танытқан жомарт жандарға алғысын білдірді.
Сайысты Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ Құран секторының жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов және «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы, республикалық Құран жарыстарының жеңімпазы Хабибулла қари Раушан қазылық етіп, қатысушылардың тәжуид ережелерін сақтауы мен дауыс мәнеріне назар аударды.
Дода Есет қари Дәрібайдың Құран оқуымен басталды. Жарысқа 2000000 қаржы бөлінді. Жүргізген «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамов.
Республикалық Құран байқауына облыстық іріктеу туралы, қарилардың дайындығы туралы облыстың бас қариы Бекжан қари Әлденовтен пікірін білген едік.
«Биылғы жарыс әдеттегідей өзіміздің Ақтөбе облысының қарилар арасында болды. Жарыс деңгейі жоғары деңгейде өтті. Алла қаласа алда болатын Республикалық жарыста қариларымыз топ жарады деп сенім артамыз. Сәттілік тілейміз!» деді «Құран» секторына жауапты маман.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар
Мәнерлеп оқудан
1 орын Дәуренбекұлы Бекжан (70 000 теңге)
2 орын Үмбетов Қадыр (50 000 теңге)
3 орын Нурымбетов Сулейман (30 000 теңге)
10 парадан
1 орын Қуандық Нұрасыл (100 000 теңге)
2 орын Шаяхметов Берік (70 000 теңге)
3 орын Сағынбай Мансур (50 000 теңге)
20 парадан
1 орын Хамитов Мырзабек (150 000 теңге)
2 орын Дәрібай Есет (100 000 теңге)
3 Бархат Ислам (70 000 теңге)
30 парадан
1 орын Құлмағанбетұлы Ерәлі (200 000 теңге)
2 орын Тасбулатов Бекзат (150 000 теңге)
3 орын Серікұлы Хасан (100 000 теңге)
Айта кетсек, бірінші орын алып, жолдама алған қарилар 2-3 қазан күндері Талдықорған қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық Құран байқауында ақтөбенің атынан бақ сынайды. Алла жар болсын! Бақтары мен баптары келісті болуын, жеңіс тұғырын тілейміз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

































































