Ақтөбелік қари XIV республикалық Құран жарысында әділқазылар құрамында төрелік етеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласында қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқау» өтеді.
Аталған байқауда әділқазылар құрамында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов бар.
Қасиетті Құран жарысын тікелей эфирде ертең сағат 08:30-дан бастап тамашалай аласыздар: https://youtube.com/live/8MCO5bF4ghQ?feature=share
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































