«Құран және тәжуид ережелері» атты курс-семинар басталды
Бүгін Ақтөбе облысы өкілдігінде «Құран» секторының ұйымдастыруымен «Құран және тәжуид ережелері» атты курс-семинар басталды.
ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырған 5 күндік курс семинарға облыс, қала, аудан, ауыл мешіттеріндегі ер және әйел ұстаздары қатысып жатыр.
Семинарды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов ашты. Сонымен қатар облыс бойынша «Құран» секторының жауапты маманы Бекжан қари Әлденов курстың маңыздылығына тоқталды.
Дәрісті ер ұстаздарға Хабиболла қари Раушан, әйел ұстаздарға Гүлжайнар қари Мұсақызы өтеді.
Ұстаздардың білімін арттыруға арналған семинар осы жұма күні қорытындыланып, қатысушыларға сертификат табысталады.
Семинардың ресми ашылуынан кейін Бекжан қари Әлденов, Нұрбол Смағұлов, курстың қатысушысы, «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменов «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































