Жағабұлақ ауылына жаңа имам 445

Жағабұлақ ауылына жаңа имам

05 қаңтар 2021 204 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының Бас имамы Асемхан Ерғазин Жағабұлақ ауылына іс-сапармен барды. Жергілікті жамағатпен кездесіп, мешіттің тыныс тіршілігімен танысты.

Артынша Жағабұлақ ауылдық мешітіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен тағайындалған жаңа имам Онгарбаев Елдос Дүйсенбекұлын жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Бас имам А.Ерғазин басқа қызметке ауысуына байланысты бұрынғы имам Әділет Маусымовтың иығына шапан жауып, Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспанның атынан алғыс хат табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі