Наиб мүфти Нұр-Мүбарак студенттеріне дәріс оқыды 1344

Наиб мүфти Нұр-Мүбарак студенттеріне дәріс оқыды

25 ақпан 2022 75 Оқу 1 минут

Исламтанушы-ғалым университетті тәмамдағаннан кейін жас маман үшін маңызды болған қадамдарға тоқталып, өзінің өмір жолынан мысалдар келтірді.

«Ниет, ықылас, сабыр, әрекет – дін жолында білім алатын әрі болашақ жас маманға аса қажетті қасиеттер. Қазіргі уақытта білімге бар ынта, ықыласын салған шәкірт ертең жемісін көрмек. Халық имамнан көп нәрсе күтеді, діннің жолбасшысы ретінде, жөн сөзін айтып, шариғаттағы сауалдарға нақты жауаптар алғысы келеді. Ал ислам – әлемдегі кез келген сауалға жауап беретін дін. Сіздер соған лайық білімді болуларыңыз қажет» деді Сансызбай Құрбанұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Нұр-Мүбарак университеті түлектеріне алған білімін халыққа жеткізе білу үшін әдеби кітаптар оқып, сөз байлығын дамытуға кеңес берді. Құрандағы жүректі қозғап, ақылды ойлануға жетелейтін аяттар мен хадистерді жеткізуге де шешендік өнер маңызды екенін ескертті.

Кездесу соңында студенттер қоғамдағы жамағат арасында кездесетін түйткілдер және олармен жұмыс істеуге қажет әдіс-тәсілдер жайлы және өзге де сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.