Бас имам жаңа нысандарды аралады 444

Бас имам жаңа нысандарды аралады

05 қаңтар 2021 237 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан өткен аптада Ақтөбе қаласында жаңадан салынып жатқан мешіттердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Олар: «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданында салынып жатқан сыйымдылығы 1500 орындық мешіт, «Ақжар-2» тұрғын үй алабында бой көтеріп жатқан 800 адамға арналған мешіт және «Ақжар-1» тұрғын үй алабындағы қайырымдылық мекемесінің құрылысы.

Жалпы жамағат асыға күткен мешіттер мен қайырымдылық мекемесінің құрылыс жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Бас имамның құлшылық және діни білім беру ордасында қазіргі заманға сай жағдай жасалып, келген адамдарға барынша қолайлылық туғызу жөніндегі ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жаңа мешіттерде намазханадан бөлек, Құран оқытатын, неке қиятын бөлмелер мен сыныптар, т.б. болмақ.

Алла қаласа діни ғимараттар күллі жұртшылықты біріктіретін және жастарды имандылыққа үндейтін қасиетті мекенге айналары анық.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі