Муфтият баспасынан шыққан «Ислам ғибадаты» кітабы таратылды 6287

Муфтият баспасынан шыққан «Ислам ғибадаты» кітабы таратылды

15 сәуір 2026 19 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйелдер жамағатына ұстаз Анар Қойшығұлованың бастамасымен Муфтият баспасынан жарық көрген «Ислам ғибадаты» кітабы таратылды. Аталған еңбек шәкірттердің ғылымхал ілімін жүйелі меңгеруіне бағытталған маңызды құрал болып табылады.

Іс-шара барысында қатысушыларға алғашқы сабақтарда алған білімдерін бекіту мақсатында тест тапсырмалары ұсынылып, олардың діни сауаттылығы пысықталды.

Пайғамбарымыз ﷺ: «Білім алу – әрбір ер мен әйелге парыз» деп өсиет еткен. Осы хадиске сүйене отырып, жиында ғылымхал ілімінің маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, құлшылықтардың дұрыс әрі қабыл болуы үшін қажетті білімді меңгерудің маңызы айтылды.

Сонымен қатар мешітімізде Құран әліппесі мен тәжуид қағидаларынан бөлек, ақида, фиқһ, сияр және әдеп сабақтары үздіксіз жүргізіліп келеді. Нәтижесінде шәкірттердің діни сауаттылығы күн санап артып, білімге деген қызығушылығы күшейе түсуде.