Шалқар: Шәкірттер сауат ашу курсын тәмамдады 760

Шалқар: Шәкірттер сауат ашу курсын тәмамдады

27 тамыз 2021 152 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы мен ауыл мешіттерінде жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы жұмысын аяқтады. 

Жазғы сауат ашу курстарында «Жанаман ахун Сейітімұлы» қалалық мешітінің білікті ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, иман әдебі мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны секілді тағылымы мол тәрбиелік сағаттар жүргізді.

Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Одан өзге діни сауат ашу курсына қатысқан 200 шәкіртке сертификат табыстап, курс қортындыланды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі