XV республикалық Құран жарысына қатысатын ақтөбелік қарилар 6627

XV республикалық Құран жарысына қатысатын ақтөбелік қарилар

26 тамыз 2026 82 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2026 жылдың 5-6 қыркүйек күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХV республикалық байқау» өтеді.  Оған Ақтөбе облысынан  30 парадан толық Құраннан Бекзат қари Тасболатов,  20 парадан Мырзабек қари Хамитов,   10 парадан Серик Хасан,  Мәнерлеп оқудан  Умар қари Набижанов қатысады. Жеңіс тұғырын тілейміз! Алла жар болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы дәстүр бойынша ХV Республикалық Құран байқауын 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өткізуді жоспарлап отыр.

 Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді. 

Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі; 

үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады; 

толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек; 

үміткер ҚР ер азаматы болуы керек; үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек; 

үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 

Байқауға қатысу үшін: 

Облыс Бас имамының ұсыныс хаты; 

Үміткердің анкетасы; 

Жеке куәлік көшірмесі; 

Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. 

Номинациялар: 

Толық Құранды жатқа оқудан: 

1-орын Автокөлік 

2-орын (5 000 000 тг.) 

3-орын (4 000 000 тг.) 

4-орын (2 000 000 тг.) 

5-орын (1 500 000 тг.) 

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша: 

1-орын (3 000 000 тг.) 

2-орын (2 000 000 тг.) 

3-орын (1 500 000 тг.) 

4-орын (800 000 тг.) 

5-орын (500 000 тг.) 

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша: 

1-орын (1 500 000 тг.) 

2-орын (1 000 000 тг.) 

3-орын (750 000 тг.) 

Құранды мәнерлеп оқу бойынша: 

1-орын (700 000 тг.) 

2-орын (500 000 тг.) 

3-орын (300 000 тг.) 

Жарысқа қатысып, жүлде алмаған өзге үміткерлердің әрқайсына 80 000 теңгеден беріледі. Байқау Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі