Ақтөбе: Қала мешіттері арасында футболдан турнир өтті 2291

Ақтөбе: Қала мешіттері арасында футболдан турнир өтті

28 қараша 2022 128 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның “Ислам — ынтымақ пен бірлік діні" жылы аясында Ақтөбе қала мешіттері арасында футболдан турнир өтті.

Аталған турнирдің басты мақсаты — жамағат арасындағы бірлікті арттырып, ауызбіршілікті нығайту. Сонымен қатар рухымен қатар тәні де сау мұсылман болуды насихаттау. 

Спорт додасына 7 команда қатысып, тартысты ойын нәтижесінде ең озық деген командалар үздік атанып, І орынды Ақтөбе қалалық мешіті,  ІІ орынды Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешіті,  ІІІ орынды "Досжан хазірет"  мешіті иеленді. Одан өзге ерекше ойын көрсеткен ойыншылар "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы", "Үздік ойыншы"  номинациялары бойынша  марапатталды. 

Жарыс қортындысында жүлделі орындарға ие болған қатысушылар мен командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі