“Тәуелсіздік.Тіл.Тарих.Тағылым” интеллектуалдық сайысы* 4024

“Тәуелсіздік.Тіл.Тарих.Тағылым” интеллектуалдық сайысы*

24 желтоқсан 2024 186 Оқу 1 минут

“Бақытжан” мешітінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай қалалық мешіт шәкірттеріне арналған интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайысқа “Бақытжан” мешіті шәкірттерінен өзге “Нұр Ғасыр” облыстық мешіттен 1 топ, “Бештамақ” ауылынан 1 топ, сондай-ақ “Қайырқожа”, “Ақтөбе қалалық мешітінен” де шәкірттер қатысты.

Шараның шымылдырығы Қасиетті Құранмен ашылып, әрі қарай мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова “Тәуелсіздік Тәңір берген ұлы сый, әр адам, әр ұлт азат, еркін, тәелсіз болуы тиіс.Әр адам тек Аллаға мұқтаж, Алланың құлы. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, ата-баба арманы, дұғасы, қазақ ерлері мен даналарының қасық қанымен, сарп еткен жанымен келген қазына. Шүкіріміз бен қадірін ьілуіміз керек” деген секілді насихат айтып өтті.


Сайыс өте қызықты, тартысты болды.

1-кезең: “Ана тілім -арым бұл”

Топ мүшелері мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, Отан, туған жер туралы өлеңдердің дұрыс ұйқасын құра білді.


2-кезең: “Өз тарихын білмеген келешегінен күдер үзеді”

Тарихта есімдері алтын әріптермен қалған тұлғаларды суретке қарап танып, жылдар хронологиясы бойынша оқиғаларды атап өту тапсырылды


3-кезең: “Тағылым”

Туған жердің қадірі мен келешегі жөнінде тақырыптар берілді.Сайыс қатысушылары эссе жазып қорғады.


4-кезең : “Тұғыры биік Тәуелсіздік”

Қатысушыларға бояулар мен саусақтары арқылы ел рәміздерінің бірі - Қазақстанның Мемлекеттік Туын бейнелеу тапсырылды.


Шара соңында “Бақытжан” мешітінің ұстазы Еламан Кәрім, “Мұнара” арнасының тілшісі ұстаз Ақтолқын Орысбайқызы, Ақтөбе қалалық мешіт шәкірті Мәрия Әмірқызы сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерді марапаттап, бағалы сыйлықтар тарсырды.


1-орын: Нұр - Ғасыр мешіті “Шамшырақ” тобы

2-орын: Бештамақ ауылы “Алаш арулары” тобы

3-орын: “Сұңқар” Бақытжан мешіті балалар тобы және “Бірлік” тобы

“Барыс” және “Тәуелсіздік жастары” топтарына ынталандыру сыйлықтары табысталды.