#Рамазан2026: «Жайсаңдағы» 80 балаға «Рамазан тәттісі» таратылды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы өкілдігіндегі Мәртөк ауданының мешіті ұйымдастыруымен «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы» КММ-не «Рамазан тәттісі» таратылды.
Қасиетті айда балаларға қуаныш сыйлау мақсатында өткен қайырымдылық шарасына 80 бала қатысты. Оның ішінде 9 жетім бала бар. Саауабы мол игі шара қортындысында балалар және мекеме басшылары ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдарға және жамағатқа алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































