30 Шәууәл
“Бақытжан” мешітінде “Намаз оқып үйренейік!” атты практикалық семинар өтті. 4424

“Бақытжан” мешітінде “Намаз оқып үйренейік!” атты практикалық семинар өтті.

14 сәуір 2025 326 Оқу 1 минут

Құлшылықты арттыру арқылы Алла Тағалаға барынша жақындай түсуді мақсат тұтқан жамағаттың Құран оқуға , үйренуге деген ынтасы артып, намаз оқушылардың да қатары күннен-күнге арта түсетіні қуантады әрине. Мінекей осындай жағдайда барынша жамағаттың ғибадаттарға деген ықыласы мен құлшынысы арта түссін деп мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова “Намаз оқып үйренейік” атты практикалық сабақ ұйымдастырды. Бұл семинарда Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі, әйелдерге тән ерекшеліктер туралы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жат ағым өкілдерінің ұстанымдары бойынша қате ұғымдарға да тоқталып, дұрыс үлгісі себебін айта отыра түсіндірілді. Шара соңында жамағаттың “Фиқһ. Намаз бабы. Дәрет бабы” бойынша сұрақтары талқыланды.