“Бақытжан” мешіті балалырына “Тәуелсіздікті жырлайық” атты ЖЫР жарысы өтті
“Бақытжан” мешітінде жамағат балаларына арналған жыр жарыс өтті. Бұл жарыста балалар “Отан”, “туған жер” туралы жырлар жатқа оқыды. Жарыс қорытындыланып балалар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сондай -ақ “Мұнара” арнасы тілшісі, журналист әрі ұстаз Ақтолқын Орысбайқызы жиналған жамағатқа “Тәуелсіздік. Уақыттың қадірі. Елге адал қызмет” тақырыбында , ал мешіт ұстазы Анар Қоцшығұлова “Пайғамбардың туған жерін сүю” тақырыбында уағыз - насихат айтып өтті.
Бірлігі жарасқан жамағат мерекелік дастархан жайып ақ жаулықты әжелерден бата тілек алынды.