АҚТӨБЕ МЕШІТТЕРІНІҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ШАРАЛАР ЕСЕБІ
«ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА» БӨЛІМІ
Жыл басынан халықты жеке қабылдау , телефон, әлеуметтік желілер арқылы барлығы 11415 сұраққа жауап берілді. Ғұламалар қенесінде бекітілген пәтуаларға қатысты имамдарға түсіндіру бойынша 7 семинар өткізілді. Жамағатқа апталық 63 пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Сұрақ-жауапқа қатысты 26 аудио-видео түсірілді.
УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІ
Онлайн уағыз-насихат 979 рет айтылып, 394 460 қаралым болды. Мешіттерде офлайн уағыз 97 613 рет айтылып, 1 667 953 адам қамтылды. Жұма уағызы 2992 рет өткізіліп, 1 235 600 адам қатысты. Жалпы жыл бойынша уағыз-насихат 98592 рет уағыз өткізіліп, 2 062 413 адам қамтылды.
ДІНИ БІЛІМ ЖӘНЕ КАДР ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІ
Сауат ашу курсы бойынша жалпы 3433 ер-әйел шәкірт дәріс алды. Құран жаттау курсы бойынша 1202 ер-әйел шәкірт құран жаттады. 1219 кісі намаз үйреніп, 90 шәкірт хадистану курсынан өтті.
Имамдардың біліктілігін жетілдіруге арналған 6 курс-семинар өткізіліп, 117 дін қызметкері қамтылды.
Ақтөбе облысынан «Нұр Мүбарак» университетінде 118 және жалпы медресе-колледжерде 179, жалпы 297 шәкірт-студент білім алып жатыр.
ДІНИ ОҢАЛТУ БӨЛІМІ
Жыл ішінде деструктивті діни ағымдағы 316 азаматпен жеке кездесу өткізілді. 44 адам Қазақстан қоғам құндылықтарына бейімделіп, 20 адам дәстүрлі ханафи мәзһабына қайтты.
219 рет мемлекеттік мекемелерде жат діни ағымдардан сақтандыру бағытында ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары өткізіліп, 7198 адам қамтылды. Діни оңалтуға жауапты мамандардың біліктілігін арттыру бойынша 2 рет семинар өткізілді. ДДА өкілдері шоғырланған мешіттерде 145 кездесу өткізіліп, 3741 адам қамтылды. ҚАЖ (түзету мекемелері) мекемелерінде жалпы 90 кездесу өтіп, 1041 адам қамтылды. Сотталғандармен 26 жеке кездесу өткізіліп, оңалту жұмыстары атқарылды.
ДІН МЕН ДӘСТҮР БӨЛІМІ
Дін мен дәстүр бөлімі аясында облыстық деңгейде қазақ күресінен «Жамағат барысы» ұйымдастырылды. Жамағат арасында «Дін мен дәстүр» тақырыбында білім сайыстары өткізілді. Рамазан айы қарсаңында жарапазан айтудан облыстық эстафета ұйымдастырылды.
Мешітке келуші жамағаттар арасында ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерінен (күрес, садақ ату, атқа міну, арқан тарту т.б.) жарыстар ұйымдастырылды.
Жалпы 186 шара ұйымдастырылып, 18 879 адам қамтылды. Жоспардан тыс 338 шара ұйымдастырылды.
ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС СЕКТОРЫ
Қоғаммен байланыс секторы аясында отбасыларға және жас жұбайларға семинарлар, қоғам дерттері тақырыбында мемлекеттік мекемелерде кездесулер, әжелер, аталар, әкелер мектебімен әртүрлі шаралар, қайырымдылықтар, телеарналарға сұхбат және т.б. шаралар ұйымдастырылып, жалпы 437 шара, жоспардан тыс 136 шара ұйымдастырылып, 229 961 адам қамтылды.
ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ
Жастар ісі секторы бойынша Насихат және сауаттылық бағыты, қоғамдық бағыт, спорт бағыты бойынша жалпы барлығы 91 шара ұйымдастырылып, жалпы 4713 адам қамтылды.
ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ
Әйел-қыздар секторы бойынша 4103 дәріс өтіп, жалпы саны 1231 шәкірт білім алды. 334 уағыз насихат шарасына 66 525 адам қатысты. 318 қоғамдық және мәдени шарада 15 225 әйел жамағаты қамтылды. Жалпы 1 жылда 4755 шара өтіп, 82 981 адам қамтылды.
ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ БӨЛІМІ
Жаңадан бұйрыққа ұсынылған, аттестаттаудан өткен діни қызметкерлер саны 31. Өңір бойынша оқыс оқиға орын алған жоқ.
ДІНИ САРАПТАМА БӨЛІМІ
Облыстағы «Ақтөбе медресе колледжі» кітапханасы, Ақтөбе облысында мешіт жанындағы дүни дүкендер, Қарилар дайындайтын сауат ашу орталығы, Түзету мекемелерінде кітаптар ай сайын тексеріліп, Ханафи мазһабы, Матуриди ақидасына, мемлекет тұтастығынан қайшы келетін теріс бағыттағы кітаптар анықталмады.
АҚПАРАТ БӨЛІМІ
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің ресми сайты NURGASYR.KZ –те 425 мақала, өңірдегі мешіттерге қатысты жарияланған жаңалықтарының саны – 8250, Сайтқа жарияланған сұрақ-жауаптар саны – 289, Сайтқа жүктелген видеолар саны (уағыз, әлеуметтік ролик т.б.) – 425, 1 күнде орта есеппен сайтқа кірушілер саны – 10 200 - 11 000. Сайтқа бір жылда кіруші оқырман саны – 730 200.
МЕШІТ ІСТЕРІ БӨЛІМІ
Ақтөбе облысында 68 мешіт бар. 1 облыстық, 12 қалалық, 12 аудандық, 43 ауылдық мешіт. 11 намазхана бар. Биыл 2 мешіт жаңадан ашылды. 13 мешіттің құрылысы жүріп жатыр.
Ақтөбе облысында жеке тұлғаның атында 4 мешіт бар. 1 мешіт жеке заңды тұлға атынан ҚМДБ-ға өтті. 7 мешіт ҚМДБ балансына өткізуге құжаттары дайындалып жатыр. 13 мешітке жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ
«Tawaf Travel» қажылық фирмасымен 9 адамды ұмраға, 5 адамды қажылыққа жіберілді. Қажылық пен ұмраға дайындық мақсатында 46 рет семинар-сабақтар өткізілді. Өкілдік бойынша шамамен 32 адам мешіттер арқылы ұмраға, 21 адам қажылыққа барды.
ІС БАСҚАРУ БӨЛІМІ
Ақтөбе облысында биылғы жылы 13 мешіт күрделі жөндеуден өтті. «ҚМДБ» меншігіне 3 үй алынды, 2 автокөлік 2 имамға мешіт қызметіне табысталды. 2 асханасы бар мешіт, 4 діни дүкені бар мешіт бар. 369 рет сенбілік жасалып, 541 тал егілді. Ақтөбе облысы бойынша орналасқан 68 мешіттің толықтай жылумен қамтылған. Оның ішінде жылыту түрі бойынша 5 мешіт көмір-жаңармай арқылы, 4 мешіт электр қуаты арқылы, 59 мешіт газ арқылы жылытылады. 4 мешіт орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жұмыс жасайды. Жылыту жүйесі бойынша 67 мешіт қабырға, 14 мешіт еден арқылы.
БАСПА ЖҰМЫСТАРЫ
«MUFTYAT» баспасынан 1976 дана кітап сатылып алынып, Ақтөбе облысы мешіттері кітапханалары мен сөрелеріне қойылды. Кітап сатып алуға жұмсалған қаражат 3 244 585 теңге.
МҰНАРА ТВ
Мұнара телеарнасының Ақтөбе өкілдігі студиясынан ҚМДБ 5 бағыты – дін мен дәстүр; ізгі қоғам; ихсан және насихат; діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттарында 12 телебағдарлама және 40 хабар түсіріліп, жалпы 52 хабар эфирден көрсетілді.
Оның ішінде 2 авторлық бағдарламадан 23 хабар, атап айтқанда «Жұмадағы жүздесу» – 18, «Пайғамбар сүннеті» – 5 хабар көрерменге жол тартты.
ХАЛАЛ ДАМУ МЕКЕМЕСІ
Биыл 15 кәсіпорын жаңадан «Халал Даму» сертификатын алды. 20 кәсіпорын сертификатын жаңартты. 244 рет мекемелер ай сайынғы тексерістен өтті. 10 қасапшы «Халал Даму» сертификатын алды. Қасапшыларға 3 рет семинар өткізілді. «Халал» тақырыбында 19 іс-шара өткізілді. «Халал» тақырыбында жарияланған материалдар саны – 95. «Халал Даму» мекемесінің басшысы және технолог мамандар облысқа арнайы іс-сапармен келіп, бірқатар кәсіпорындарына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ «Мұнара тв» телеарнасының Ақтөбе облысындағы студиясына 3 рет сұхбат берді.
«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ
Әр түрлі қайырымдылық акциялар аясында ЖАЛПЫ 96 968 мұқтаж отбасыға, 615 879 904 ТЕҢГЕ қаражатқа қайырымдылық көме жасалды.
Қордың дамуы мақсатында 515 адам мұқтаждар базасына тіркеліп, 37 рет кәсіпкерлермен кездесу өтті. БАҚ-қа 28 рет сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерге 201 материал салынды, 14 қорға көмек беріліп, жалпы 795 шара өткізілді.
ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ АКЦИЯСЫ
2024 жылы «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында Ақтөбе облысы бойынша жалпы саны 6 баспана табысталды. Оның 2-і діни қызметкер, қалған 4-і мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты, аз қамтылған көп балалы отбасылар. Аталған баспаналарға 64 миллион теңге қаражат жұмсалды.
«СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕКЕНДЕРГЕ ШҰҒЫЛ КӨМЕК»
167 000 келі жарма, 6000 литр күнбағыс майы, 15 000 келі ұн, 3007 дана құрал-сайман, 215 000 дана тұрмыстық заттар, 2000 дана көрпе-төсек беріліп, 2000 дана киім-кешек, 7000 адамға ыстық тамақ беріліп, ЖАЛПЫ 38 МИЛЛИОН теңге қаражат жұмсалды. Көмекке 700 ерікті, 35 имам, 2 фура, 41 газель, 12 альфард көлігі, 8 эвакуатор, 1 қайық, 3 мотор жұмылдырылды.
«УАҚЫП» ҚОРЫ
Уақып қорының жұмысын жетілдіру және халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында 6 рет семинар, 112 рет әлеуметтік желіде насихат, жамағатқа 65 рет уағыз-насихат, 8 мақала, 3 видеоролик түсірілді. өткізілді.
1 кәсіпкер 1000 квадрат метр (яғни, 10 соток) жерді уақыпқа табыстады. «Qala Taxi» ЖШС иесі, кәсіпкер такси қызметіндегі көліктерден түскен пайданың белгілі бір мөлшерін уақып қорына табыстап отырады. Әрқайсысына ҚМДБ «Уақып» сертификаты табысталды. 10 шәкірттің оқу ақылары төленіп, 795 000 теңге қаржы жұмсалды.
«QAMQOR SHARAPAT» МЕКЕМЕСІ
Ақтөбе облысы бойынша Қамқор шарапат мекемесіне берілген жер телімдері 7 гектар. Өңірдегі зираттар саны 27. «Өткенге құрмет – тіріге міндет» зират тазалау шарасында 150 гектар жерге сенбілік өткізілді. 99 гектар жерге (яғни 18 зиратқа) цифрландыру жұмыстары жасалды. 15 зират орталық арқылы көтеріліп, 15 марқұм орталық арқылы жерленді. Мешіт қызметкерлері 482 рет жаназа шығарды. 7 гектар зиратқа қоршау жұмыстары жүргізілді. Орталық жұмысын насихаттау бойынша 3 сұхбат, 6 семинар, 43 уағыз-насихат, 4 мақала жазылды.
«ДАРХАН ДАЛА» ОТАНДЫҚ ТУРИЗМ
«Darhan Dala» отандық туризмді дамыту жұмыстары бойынша Абат Байтақ, Мысжан ата, Досжан хазірет, Былшық би, Жанаман Ахун Сейітімұлы, Есет батыр Көкіұлы, Есет-Дәрібай және т.б. кесенелер мен тарихи орындарға 32 рет экскурия-зиярат жасалып, 1250 адам қамтылды.