Маңғыстау мешіттері самаладай жарқырады 425

Маңғыстау мешіттері самаладай жарқырады

23 желтоқсан 2020 118 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысындағы бірқатар мешіт, атап айтқанда, Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылдық мешіті, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтті.

Бұдан бөлек, Бейнеу аудандық орталық мешіті мен Қарақия ауданындағы Сенек ауылдық мешітінде де жылу өткізу сынды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып кеткеніміз жөн.

Ал Жаңаөзен қаласының әкімшілігінің қолдауымен түнгі сәулеттік-декоративтік жарықтандыру жұмыстары аясында орталық «Әбіш қожа» мешітінің декоративтік жарықтандырылуы іске қосылды.     

Сонымен бірге Қарақия аудандық орталық мешіті имамдарының ұйытқы болуымен, «Фирдаус» еріктілер тобы және Құрық ауылдық №6 мектеп ұстаздарының көмегімен түнгі уақытта мешіт айналасына жарық түсіріп тұратын 24 шам және ғибадат үйінің ауласын жарықтандырып тұратын 4 шам орнатылды.