Тәуелсіздік күніне орай арнайы экскурсия ұйымдастырылды 1173

Тәуелсіздік күніне орай арнайы экскурсия ұйымдастырылды

15 желтоқсан 2021 250 Оқу 1 минут

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына облыстық "Өлкетану" музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Музейде ұстаздарының жетекшілігімен қыз-келіншектер адамзаттың ежелгі шығу тарихынан бастап, қазіргі біздің заманымызга дейінгі экспонаттарды тамашалады. 

Көрме барысында Ақтөбе облысынан шыққан дүние жүзіне танымал болған қайраткерлердің өмір жолымен танысты. Адамзат баласының ең алғашқы тұрмыс тіршілігіне пайдаланған құралдарын және қолданған құрал саймандарын тамашалау арқылы тарих көкжиегіне саяхат жасады. Дін мен дәстүрдің егіз ұғым екенін жүрекпен сезінді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі