Мәртөк: Ата-аналар мен балаларға арналған шара ұйымдастырылды
Жуырда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Осыған орай, Ақтөбе өкілдігінде отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды жалғасын тапты.
Мәртөк аудандық мешітінде Ережеп айының қадір-қасиетін балаларға түсіндіру мақсатында ата-аналарымен бірге шақырылған балаларға арнап дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды. Шараға аниматорлар да қатысып, балаларға ерекше көңіл-күй, мерекелік атмосфера сыйлады. Мұндай игі бастама — жас ұрпақты ислам құндылықтарды құрметтеуге баулудың ерекше жолы болды.
Шара барысында отбасылық тәрбиенің маңызды екенін айқындап, Ережеп айының қадірін жас буынға насихаттаудың озық үлгісін көрсетті.
Одан өзге шара қортындысында ата-аналар ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі