Әйел жамағаты мешітке тазалық жұмысын жасады 4617

Әйел жамағаты мешітке тазалық жұмысын жасады

23 маусым 2025 66 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде тазалық жұмыстары жасалды. 

Мешіттің әйел жамағаты құлшылық үйінің терезелерін мұнтаздай етіп, өзге де жерлерді ықтиятпен тазалап, бірлесе жұмыстар атқарды.

«Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзімен Алла үйінің тазалығы үшін атсалысқан қызметкерлер мен тазалықшылар және бірлігі жарасқан жамағатқа Алла разы болғай!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі