«Зекет – әлеуметтік әділдіктің кепілі» атты семинар өтті 5937

«Зекет – әлеуметтік әділдіктің кепілі» атты семинар өтті

13 ақпан 2026 28 Оқу 1 минут

 «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде әйел жамағатына «Зекет – әлеуметтік әділдіктің кепілі» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарды Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы жүргізді. Зекеттің парыз етілуі, оның қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы және мұқтаж жандарға көрсетілетін қолдау ретіндегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар зекеттің берілу шарттары, нисаб мөлшері және зекет алуға құқылы сегіз санат жайлы нақты мәліметтер айтылды.

Одан өзге зекеттің малды тазартатыны, жүректі сараңдықтан арылтатыны және қоғамда бауырмалдықты күшейтетіні насихатталды. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Шараға мешіт ұстаздары қатысып, әйел жамағаты белсенділік танытты. Қатысушылар семинар мазмұнды әрі рухани тағылымға толы форматта өтті деп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі