"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты 100 дана ауыз ашар дәмдерін таратты 3297

"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты 100 дана ауыз ашар дәмдерін таратты

25 наурыз 2024 477 Оқу 0 минут

Асыл дініміз исламда ораза ұстаған жандарға ауызашар берудің сауабы өте мол екендігі айтылады. Осы мақсатта. "Бақытжан" мешітінің әйел жамағаты сауаптар еселенетін, игі амалдар дәріптелетін қасиетті Рамазан вйында ауыз ашар сауабын көздеп, ер жамағаты намазханасына 100 дана су мен құрмалар таратты.

Пайғамбарымыз ﷺ: өз хадистерінде: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деген. Міне, бұл ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетуге басты негіз болды.

Ұстаған оразалар қабыл болсын !