Ақтөбе: Тәуелсіздік – Алланың сыйы 1174

Ақтөбе: Тәуелсіздік – Алланың сыйы

15 желтоқсан 2021 320 Оқу 1 минут

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Тәуелсіздік – Алланың сыйы» тақырыбында іс-шара өтті.

Шара Тәуелсіздікке жолында құрбан болған батырларымызға Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының Құран Хатым дұғасынан бастау алды.

Бас имам: «Біз тәуелсіздікті бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен алдық. Тәуелсіздік – тарихтың толқыны, шайқалмай, уақыттың соққысын байқамай өз бетінше тұратын тұғыр ғана емес, оны қолда ұстап тұратын тек шарболаттай шындалған рух, наркескен жаңашыл мінез, арайлы ақ таң үшін күрес. Міне, мәңгілік жасайтын елдің өмірлік ұстанатын кепілі – осы. Мыңжылдықтар тоғысар тұста тәуелсіздік таңын көру бақыты бүгінгі қазақстандықтардың пешенесіне жазылды», -деп Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, қадір-қасиетіне тоқталды.

Ал шәкірттер Тәуелсіздіктің маңызы туралы видеоролик көрсетіп, поэзия оқып, арнайы көріністер қойды.

Одан өзге шәкірттерге білім беріп жүрген облыстық орталық мешіттің 3 ұстазы Кенжегүл Кошкарова, Ардак Багдал, Гүлмайра Тұрлыбекова мерекенің маңыздылығын айтып, атаулы күнге орай ізгі лебіздерін білдірді.

Іс-шара қортындысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалғызбасты және аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлек қоржыны үлестірілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі