«Рамазан – Құран түскен ай» атты әйел жамағатына Құран жарысы өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен Рамазан айындағы жоспарына орай, Хромтау аудандық «Нұр» мешіті мен «Болашақ жолы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Хромтау қаласының әйел жамағаты арасында «Рамазан – Құран түскен ай» атты Құран жарысы өтті.
Аталған байқауға қатысушылар 2 номинация бойынша атап айтқанда, Құраннан жарты пара жатқа оқу және Құранды мәнерлеп оқудан қатысты.
Құран байқауын Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбаев ашып, Рамазан айының қадір қасиетті туралы айтып, осы айда Құран Кәрімді оқу мен жаттау сауабына тоқтала келе, қатысушыларға сәттік тіледі.
Сайыста Ақтөбе облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің ұстазы Жұлдыз Алдаберген және Хромтау аудандық «Нұр» мешітіндегі «Аналар» мектебінің белсенді мүшесі Сабира Юнусова қазылық етті.
Додаға қатысқан 16 әйел жамағатының ішінен озып шыққан алты адам анықталды.
САЙЫС ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
Құранды жатқа оқудан:
І орынмен Тастанбекова Айжан, ІІ орынмен Джанадилова Алима, ІІІ орын – Көптлеуова Рада жеңімпаз болды.
Құранды мәнерлеп оқудан:
І орынды Жансейт Динара, ІІ орынды Алмас Томирис, ІІІ орынды Оспанова Роза иеленіп, ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды
Жарыс соңында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова Рамазан айы ораза парыз болуымен қатар, адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілгендіктен осы айда Құран Кәрімді хатым ету және жаттау мол сауапқа кенелтетін амал екенін түсіндіріп қатысушыларға рахметін айтып, шексіз сауапты амалға мұрындық болған ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, игі шараға жиналған қауымға «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабын сыйлады.
Әділ қазы мүшесі «Қайырқожа» мешітінің ұстазы Жұлдыз Алдаберген қатысушылардың дайындығы туралы айтып өтіп, «Бүгінгі сайыс – Құранға деген махаббаттарыңыздың жемісі, сайыстардың алғашқы сатысы»,- деп жігерлендірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі