Ақтөбе: «Құран – жерде нұр, көкте қазына» атты рухани кеш ұйымдастырылды 1130

Ақтөбе: «Құран – жерде нұр, көкте қазына» атты рухани кеш ұйымдастырылды

24 қараша 2021 566 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Жастық» мейрамханасында қыз-келіншектерге арналған «Құран – жерде нұр, көкте қазына» атты рухани кеш өтті. 

Кешке арнайы құрметті қонақ ретінде Орал қаласынан Әл-Азһар «Құран тәлімі» орталығының түлегі, Құран хафизы және қырағат иджаза иегері Бақытгүл Байғазиева мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының психологы Гүлбану Тұрлыбекова қатысты.

Іс-шара барысында Құранның қадір қасиеті кеңірек айтылды. Сонымен қатар Бақытгүл Байғазиева мен Гүлбану Тұрлыбекова әйел жамағатына арнайы семинар өтіп, дін мен психологияның маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңдағы псевдопсихологтардың арбауына түсіп, отбасының шытынауына әсер ететіндігі туралы факторларда айтылды. Асыра сілтеудің құрбанына айналмау керектігі туралы нұсқаулықтар берілді. Қыз-келіншектерді білімді болуға шақырып, аят хикметтері түсіндірілді.

Одан өзге Ақтөбе өкілдігінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттер қыз баланың тәжі – орамал туралы көріністер қойып, әлеуметтік эксперимент ретінде жасалған видеороликті ұсынды.

Рухани кештің қортындысында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, алғыр да білікті қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Ал алыстан ат арытып келген құрметті қонақтарға ұйымдастырушылар тарапынан қазақы дәстүр бойынша иықтарына шапан жапты. 

Іс-шара аясында түскен қаржыдан 200 000 теңгені Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2 курс студенті Ақнұр Төлениязованың оқу ақысына аударды. Игі шара құрметті қонақтар мен кешке қатысушыларға арналған мерекелік дастарханмен жалғасын тапты. Дастархан барысында билет нөмірі сәйкес келген қатысушыларға діни кітаптар табысталды.

Шараға қатысқан ақ жаулықты әжелер батасын беріп, қыз-келішектер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі