Ақтөбе: «Құран – жүрек тыныштығы» атты рухани кеш ұйымдастырылды 2365

Ақтөбе: «Құран – жүрек тыныштығы» атты рухани кеш ұйымдастырылды

27 қаңтар 2023 406 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен, облыстық мешіттің ұстазы Айнұр Мырзабаеваның жетекшілігімен «Құран – жүрек тыныштығы» атты  тәж кигізу рәсімі өтті.

Ізгілікке жол бастайтын шара шәкірт Мәриям Бауыржанқызының «Фатх» сүресін оқумен басталды. Ал Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары
Айнұр Мырзабаева, Гүлмайра Тұрлыбекова, Ақмарал Ерболатова салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, Құран туралы насихат айтты.
«Сауат ашу» курсында оқитын шәкірттердің Құранға түсуіне арналған шарада Құранның тарихына шолу жасап, қасиетті Құран – ұлы мұғжиза туралы 11 тың дерек айтылды. Сонымен қатар шара барысында Алланың 99 көркем есімі ұлықталды.

Одан өзге шәкірттер білімдегі сынақ пен қызықтар туралы көрініс қойып, «Мына оқиғаны тап» атты ойын ұйымдастырды. Белсенді қатысушыларға сыйлық ретінде «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы табысталды. 

Айта кетсек, 40 шәкірт Құранға түсіп, тәж кию бақытына ие болды. Құранның маңыздылығы насихатталған шараға 70 адам қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі