#Рамазан2026: «Әйел-қыздар»  секторы балаларға арналған тағылымды шара ұйымдастырды 6048

#Рамазан2026: «Әйел-қыздар» секторы балаларға арналған тағылымды шара ұйымдастырды

09 наурыз 2026 22 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторы балаларға арналған тағылымды шара ұйымдастырды.

Рамазан айында қайырымдылық пен мейірімнің маңызы ерекше. Осы орайда алғаш рет ораза ұстап жатқан балаларды қолдап, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында бауырларымен бірге «Sky Park» ойын-сауық орталығына шақырды.

Балалар уақыттарын қызықты өткізіп, түрлі ойын алаңдарында ойнап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Айта кететін жайт, осы күні ойын сауық орталығында өтіп жатқан акция бойынша, шарамызға қатысушы көп балалы ана Меруерт Қуандықова бір жылдық балаларды тегін ойнату сертификатын ұтып алып, балалары дән риза болды.

Іс-шара аясында балаларға «Рамазан тәттілері», ойыншықтар табысталып, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftiyat» баспасынан жарық көрген балаларға арналған кітаптар тарту етілді. Бұл кітаптар жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосып, олардың діни танымын арттыруға бағытталды.

Шара соңында ауызашар дастарханы жайылып, сектор жетекшісі Кенжегүл Күшкарова ораза ұстаған балаларға мақтау қағазын табыстап, аналарына ризашылығын білдірді.

Жақсылық пен сауапқа толы Рамазан айында ұйымдастырылған бұл игі бастама балалардың жүрегіне қуаныш сыйлап, олардың ұмытылмас әсер алуына себеп болды.

Осы шараға атсалысқан жандарға Алла Тағала разы болып, мол сауап жазғай!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі