«Періштелерге иман» тақырыбында ашық сабақ өтті 2368

«Періштелерге иман» тақырыбында ашық сабақ өтті

28 қаңтар 2023 127 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы «Әйелдер орталығында» мешіт ұстазы Зейнеп Мұсақызының ұйымдастыруымен «Періштелерге иман» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Аталған шараның мақсаты – жыл басынан өтілген сабақтарды пысықтап, шәкірттердің білімін шыңдай түсу.

Екі топқа бөлінген шәкірттер «Сұрақ-жауап», «Ойлан тап», «Сөзжұмбақ» бөлімдері бойынша өз білімдерін ортаға салып, бақ сынасты.

Үздік топты анықтау үшін Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова мен «Досжан Хазірет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жилисбаева
әділқазылық етіп, жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттерді ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

Сайыс қортындысында ұстаздар шәкірттерге сәттілік тілей отырып, өмірлік сынақтарда да үздік атануларына тілектестік білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі