Хромтауда «Пайғамбар өміріне саяхат» атты рухани кеш ұйымдастырылды 4876

Хромтауда «Пайғамбар өміріне саяхат» атты рухани кеш ұйымдастырылды

26 қыркүйек 2025 130 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әйелдер жамағатына Мәуліт кеші өтіп, оған Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова қатысты.

«Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен рухани кеш Құран оқумен басталды. Шарада ауданның Бас имамы Марал Иманғали адамзаттың ардақтысы (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айды тиісті деңгейде өткерудің маңыздылығын атап өтті.

Құрметті қонақ сектор жетекшісі Мәуліт айымен құттықтап, игі шараның маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар салауат айтылып, түрлі ойындар ойнатылып, көріністер қойылды.

Ал «Салауат айтып, сауап ал» сайысының қорытындысы бойынша Омарова Нұрай 1 орынды иемденсе, 2 орын Тілеужанова Райханға бұйырды. 3 орын Нұғманова Мерейгүлдің еншісіне тиді.

Одан өзге Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйікті тағамдарынан көрме ұйымдастырылып, жамағатқа мерекелік дастарқан жайылды.

Сауабы мол игі іске «Болашақ жолы» қоғамдық бірлестігі демеушілік танытып, арнаулы кештің сыйлықтарына қолдау білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі