«Мұнара» телеарнасы: «Білу керек» подкастының алғашқы түсірілімі өтті
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Ақтөбе қаласына келген екі күндік іс сапары аясында «Мұнара» телеарнасындағы «Білу керек» подкастының алғашқы шығарылымының қонағы болды.
Сонымен қатар бағдарламаға Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкаровада қатысты. Подкасты тізгіндеген РАТТ мүшесі, журналист, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова.
Подкастта «травма», «мен ештеңеге міндетті емеспін», отбасы құндылығы, ата-ана, бала тәрбиесі, өзін құнсыздандару, босанғаннан кейінгі әйелдің күтімі, мотивация, т.б мәселелер қамтылды.
Бағдарламаны жуырда «Мұнара» телеарнасынан көре аласыздар. Отауда жиырмасыншы арна.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































