«Жеті атадағы» игі іс 2364

«Жеті атадағы» игі іс

26 қаңтар 2023 348 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған жаңадан ашылған «Жеті ата» кафесінде қасиетті үш айдың бірі – Ережеп айының құрметіне орай 15 көпбалалы отбасыларға арнап дастархан жайылды. 

Ізгілікті насихаттауға арналған шараға ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуандық Қабден, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ықылас Асанұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли және әйел ұстаздар қатысты.

Аталған шара барысында Құран оқылып, насихат айтылды. Сонымен қатар облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли адам өміріндегі қайырымдылықтың маңызына жіті тоқталды.

Игі басқосуда кәсіпкер Гүлназ Болатбекованың жаңа кәсібіне ақсақалдар жүрекжарды ізгі ниетін білдіріп, ақ батасын берді.
Одан өзге көпбалалы аналар шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі