Ақтөбе: Ардагерлерге құрмет көрсетілді (Фото) 1695

Ақтөбе: Ардагерлерге құрмет көрсетілді (Фото)

08 мамыр 2022 258 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұылының мұрындық болуымен қала және аудан имамдары және өңірдегі «Әйел-қыздар» секторының жетекші мен ұстаздар Жеңістің 77 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетті. 

Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қаласының тұрғыны, 98 жастағы жауынгер ефрейтор Лоткова Вераны қаладағы «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов, Мұғалжар ауданының тұрғыны, 99 жастағы соғыс ардагері Казтаи Тыныштықовты Ембі қаласының имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің молдасы Нұрсұлтан Бөлекбаев, өңірдегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызы Ақтөбе қаласындағы тыл ардагері, "Трудовая доблесть" медалінің иегері, 107 жастағы кейуана Жәкібай Бисенғалиева мен 98 жастағы тыл ардагері Дәметкен Алмұратованы мерекемен құттықтап, кәде сый тарту етті. Сонымен қатар соғыс ардагерлерінің ақ батасын алды.

Құрметке бөленген соғыс және тыл ардагерлері облыстың Бас имамына ризашылығын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.

Айта кетсек, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаздардың ұйымдастыруымен әйел жамағатына Құран Хатым оқылып, дұғасы жасады. Окылған Құран Хатымның сауабы Ұлы Отан соғысында қасык қаны қалғанша жаумен шайқасып, Отанын, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың рухына бағышталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі