Әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті 2172

Әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті

11 қазан 2022 181 Оқу 1 минут

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  дүниеге келген Мүбәрак мәуліт мерекесіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында рухани іс-шара өтті. 

Іс-шарада Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова Мәуліт айының қадір-қасиеті мен мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар аталған шарада «Ихсан»  ҚБ психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы және «Нұр-Мүбәрак»  Египет Ислам мәдениеті университеті дайындық курсының ұстазы Айкен Әлімжанқызы арнайы қонақ болды. 

Одан өзге сауат ашу шәкірттері Алла Елшісіне (с.ғ.с) деген арнау жырлары мен сағыныш хаттарын оқыды.  Ізгілік жаршысы негізінде өткен шара барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны негізінде сұрақ-жауаптар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. 

Рухани басқосу қортындысында іс-шараға қатысқан әрбір қыз-келіншекке раушан гүлі тарту етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі